фото 1 f7c9f

 

Республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын нысандар бойынша жұмыстардың нақты және дұрыс орындалуына бақылау жүргізу мақсатында, «Батысқазжерқойнауы» ӨД-нің Атырау өңірлік инспекциясының инспекторы«Атыраугидрогеология» ЖШС-нің гидрогеологиялық қызмет көрсету бөлімі мамандарының қатысуымен «М-39-XXXVI парағын геологиялық, гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық кешенді түсіру (Атырау облысы, 5497 шаршы км)» нысаны бойынша дала жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскеге барып, тексеру жұмыстарын жүргізді.

Аталған нысан бойынша атқарылған жұмыстар «Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалануды және Қазақстан Республикасы аумағының геологиялық зерттелуін арттыру» 089 – республикалық бюджеттік бағдарламасына сәйкес «Өңірлік, геологиялық түсіру, іздестіру-бағалау және іздестіру барлау» 102 – қосалқы бағдарламасы шеңберінде жүргізілуде.

Тексеру кезінде жұмыс жүріп жатқан участкеде тереңдіктері 10 метр болатын екі инженерлік-геологиялық ұңғыма және тереңдіктері 20-дан 40 метр болатын бес гидрогеологиялық ұңғыма қазылғаны белгілі болды. Сонымен қатар, жер қыртысының геологиялық қимасын  және тау жыныстарын зерттеу мақсатында бекітілген жоба негізінде тереңдігі 3 метр тау – кен қазбаларын (шурфтар) бұрғылау жұмыстары жүргізілді.

Дала жұмыстарын тексеру кезінде аталған нысан бойынша жүргізілген жұмыс түрлерінің жобалық құжаттамамен сәйкес болуы және қазылған ұңғымалар мен тау-кен қазбалары (шурфтар) бойынша жасақталған далалық құжаттамалардың болуы тексерілді.

Бақылау нәтижелері бойынша акт жасалды.

 

В целях осмотра и контроля достоверного выполнения работ по объектам, финансируемым за счет средств республиканского бюджета, инспектором Атырауской региональной инспекции МД «Запказнедра» совместно с гидрогеологической службой ТОО «Атыраугидрогеология» осуществлен выезд на участок проведения полевых работ по объекту «Комплексная геологическая, гидрогеологическая и инженерно-геологическая съемки листа М-39-XXXVI(Атырауская область, 5497 кв.км)».

Работы по данному объекту ведутся в рамках республиканской бюджетной программы 089 «Обеспечение рационального и комплексного использования недр и повышение геологической изученности территории Республики Казахстан», подпрограммы 102 – «Региональные, геолого-съемочные, поисково-оценочные и поисково-разведочные работы».

На момент осмотра на объекте были пробурены две инженерно-геологические скважины глубиной по 10 метров и пять гидрогеологических скважин глубиной от 20 до 40 метров.

Также, по данному объекту в соответствии с утвержденным проектом были выполнены работы по проходке шурфов глубиной по 3м для изучения геологического разреза и свойств пород.

Непосредственно на месте было проверено соответствие видов проведенных работ  проектной документации и наличие полевой документации по всем пробуренным скважинам и горным выработкам (шурфам). По результатам осмотра работ составлен акт инспекции.